Қымызмұрындық – қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан игі дәстүрінің бірі. Ертеде жер аяғы кеңіп, бие құлындап, желіге байланған тұста көптен көріспеген ағайын-туған сағынып, бірін-бірі осы «Қымызмұрындыққа» шақырысып, мәре-сәре болған. Бұл мерекеде өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып қана қоймай, қыздар билеп, жігіттер білек күшін сынасып, кір тасын көтеріп, арқан тартысып, қазақ күресінен, тоғыз құмалақ, асық ойындары секілді қазақ ұлттық ойындарынан жарыс өткізген. Еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін әр ауылдан жеткізілген сары қымыздың дәмін татып, бағасын берген. Дастарқанға қазақтың ұлттық тағамдары қойылған.
Биенің сүтін «саумал» дейді. Саумалдың емдік қасиеті мол. Әсіресе бірінші рет құлындаған, яғни қулық биенің сүті үлкен биелерге қарағанда әлдеқайда қуатты болады. Саумалды сауған бойда ішу керек. Толығырақ
