Бұл – ата-бабадан аманат болған қасиетті аспапқа деген құрметтің көрінісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы айтулы күнмен барша қазақстандықтарды құттықтады.
«Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын», – деді Президент.
Домбыраның үні әр қазақтың жүрегінде жаңғырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!
