Наурызнама онкүндігін мерекелеу бойынша 14-наурыз Көрісу күні «Амал келді —жыл келді» челленджі «Шақпақата» бөбекжай балабақшасында өтілді.
14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесі. Көрісу – халқымыздың көне дәстүрінің бірі. Көрісудің басты ұғымы – өткен қыстан, жылдан аман-есен шықтық, жаңа жылға, табиғаттың жап-жасыл түске бөленіп, жасарар шағы – көктемге жеттік дегенді білдіру. Көрісу күнінде ешкім ешкімді шақырмайды. Бірақ жастардың үлкенге сәлем беріп, көрісуі – парыз деген халқымыздың арасында маңызды қағида бар
