Наурызнама онкүндігіне сәйкес 15 наурыз
Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір ізгі қасиет. Олай дейтініміз ізгіліктің өзі – адамның адамға деген таза ниеті мен бір — біріне деген сүйіспеншілік көмегі. Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің — дейді дана халқымыз. Осыған орай балабақшада бүгін «Қайырымдылық-жылы жүректен» іс шарасы өтті.
